«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Кеше аудан әкімінің орынбасары Ж. Жұбанов және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Арал аудандық филиалының өкілі Ү. Қуатбаева аталған бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізген отбасында болды. Көпбалалы отбасының қуаныштарына ортақтасып, жаңа қоныс жайлы, балалардың шат күлкісіне толы болсын деген лебіздерін жеткізді.
Көпбалалы ана Биболатова Гүлнар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» алдын ала салым жинау арқылы 2 пайыздық жеңілдетілген несиемен жаңа тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеді.
Атап өтейік, бұған дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аудандағы 5 отбасы баспаналы болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.