Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 қарашадан бастап жолаушылар пойызы күн сайын жүреді

Қазақстанда 1 қарашадан бастап жолаушылар пойызы күн сайын жүреді

Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызы күн сайын жүретін болды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, №4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы-2» пойызы 1 қарашадан бастап Нұрлы жол вокзалынан, 2 қарашадан бастап Алматыдан күн сайын жөнелтіледі. Сонымен қатар №68/67 «Нұр – Сұлтан - Нұрлы жол – Өскемен-1» пойызы да 1 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2 қарашадан бастап Өскеменнен күн сайын жүре бастайды. 
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан билетті онлайн, соның ішінде ресми bilet.railways.kz сайтынан сатып алуын, санитарлық-карантин талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауын сұрайды. 
Сондай-ақ, сапарға шығар күні билет болмаған жағдайда «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске салады
baq.kz​​​
07 қазан 2020 ж. 610 0