Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап карантин күшейтіледі

Бүгіннен бастап карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Covid-19 індетін жұқтыру қаупі жоғарылап, науқастар санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеу қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  
«Карантиндік шаралар 14 қазаннан бастап күшіне енеді», – деп атап өтті қала басшысы.

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы тиіс.
«Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары – ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылау қажет», – деп атап өтті Көлгінов.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты қысқарады

Кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Шектеу жұмыс күндеріне де, демалыс күндеріне де қатысты. Орын саны 30 аспауы тиіс.
Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және тағы басқа мекемелердің жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін) қысқарады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де.
Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге жұмыс күндері сағат 18-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін. Алдын ала жазылу міндетті.

Жексенбіде автобус жүрмейді

Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.
Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесіп күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын бұзу фактілерін анықтау жұмысын күшейтуі қажет.
«Рейдтер көптеген нысанда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай «рецидивистердің» қызметі тоқтатылады», – деп түйіндеді елорда әкімі.
kyzylorda-news.​​​
14 қазан 2020 ж. 495 0