Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы жайлы: Қазір іс-шара ұйымдастыратын уақыт емес

Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы жайлы: Қазір іс-шара ұйымдастыратын уақыт емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға қатысты пікірін білдірді.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін, мұндай сәтте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады.
"Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал. Бұл жерде, ең алдымен, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жөнінде сөз болып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

stan.kz
22 қазан 2020 ж. 606 0