БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Осы орайда 23 сәуір күні қаламыздағы жеке "Нұрай"балабақшасында тәжірибе алмасу мақсатында «Үйірме жұмысындағы баланың жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында іс-шара өтті. Аймақтық іс-шараға қаламыздан "Сартай", «Толқын», «Балдырған» балалабақшалары, ауылдық жерлерден «Балбөбек» балабақшасы және №22, №82, №263 толық шағын орталық тәрбиешілері қатысып, үйірме жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты.
Аймақтық іс-шараға қатысушылар өткізілген барлық жұмыстардың соңында бас қосып, шараны ұйымдастырып отырған балабақша ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта «Нұрай» балабақшасы ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.