Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтты. 
Мемлекет басшысының айтуынша, қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер бар.
«Мысалы, пәтер балконына немесе үй қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», – деді Тоқаев Twitter парақшасында.
Президент мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын», – деп жазды ол. 
28 қазан 2020 ж. 423 0