Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға көлікке мемлекеттік туды ілуге рұқсат берілді

Қазақстандықтарға көлікке мемлекеттік туды ілуге рұқсат берілді

Елімізде көліктерде мемлекеттік туды орнатуға рұқсат берілді. Алайда ол үлгіге сай болып, патриоттық сезімін көрсету үшін ғана пайдаланылуы тиіс.

Еске сала кетсек, бірнеше жыл бұрын қазақстандықтар мемлекеттік туларды тиесілі емес жерлерге ілгені үшін жазалаған полицейлердің әрекетіне наразы болған еді. Мысалы, 2012 жылы Атырауда көліктің капотына Қазақстанның туын орнатып қойған ер адамға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Ал 2015 жылы астаналық тұрғын мемлекеттік символды балконға ілгені үшін 400 мың теңгеге жуық ақша төледі. Сол кезде шенеіуніктер заңға түзетулер енгізетінін айтқан.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» қаулы ресми БАҚ-та 4 шілдеде жарияланған. Ол жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді. 
Құжатқа сәйкес, «Жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін білдіру, мемлекет пен оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында бұқаралық шаралар мен жеке көзқарасын білдіру аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын пайдалана (ортану, орналастыру) алады. 
ҚР мемлекеттік туы оның көлеміне қарамастан, ұлттық үлгіге сай болуы керек. Жеке және заңды тұлғаларға ұлттық үлгі талаптары бұзылған мемлекеттік туды пайдалануға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, мемлекеттік туды қорлау, мазақ құралы ретінде пайдалануға болмайды.
09 шілде 2019 ж. 802 0