Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Елбасы медалы» жобасына 436 қызылордалық қатысуда

«Елбасы медалы» жобасына 436 қызылордалық қатысуда

Қызылорда облысынан «Елбасы медалі» жобасына 1000-ға жуық өтінім түсіп, байқауға 436 жас тіркелді. Оның 336-сы қола деңгей, 51-і күміс, 49-ы алтын.
Әр деңгейдің өту мерзімі мен бағыттары нақтыланды. «Қола» деңгейді 6 айда, «Күміс» деңгейді 12 айда, «Алтын» деңгейді 18 айда орындайды.
«Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне жағдай жасау. Бағдарламаға 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар қатысады. “Қола” деңгей 14 жастан үлкен, “Күміс” деңгей 15 жастан үлкен, “Алтын деңгей” 16 жастан үлкен қатысушыларға арналған. Облыстан «Қола» деңгейі бойынша қатысқан жастар өздерінің мерзімін аяқтады. Олар үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында «Елбасы медалімен» марапатталатын болады», – деді Елбасы жобасының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі Нұрсұлтан Қожайбайұлы.
Айта кетейік, « Елбасы медалі» жобасына тіркелу әлі де жалғасуда.
kyzylorda-news.kz​​​
30 қараша 2020 ж. 635 0