Облыс әкімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысымен кездесті

«Сіз жауапты кезеңде жаңа қызметке келіп отырсыз. Өзіңіз білесіз, қазір пандемия уақытында сіздің салаңыздың жүгі ауыр. Сондықтан бәріміз үшін ең басты міндет – халықтың денсаулығы. Өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады деп сенеміз. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Сондай-ақ облыс әкімі департамент басшысына халық арасында карантин талаптарын сақтау бағытындағы түсіндірме шараларын жандандыруды жүктеді. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
