Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин кімдерге әлеуметтік жәрдемақы берілетінін айтты

Мамин кімдерге әлеуметтік жәрдемақы берілетінін айтты

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауды күшейту және оларды экономикалық өмірге араластыру бойынша шаралар іске асырылады.

Жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2020 жылғы 23 пайыздан 2025 жылы 30 пайызға дейін артады. Осы жылы мүгедектігі бар адамдардың 80 пайызы қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі, ал 2025 жылы барлық мұқтаж адамдар толығымен қамтылады, - деді Мамин отырыста.
Премьер-министрдің сөзінше, үнемі күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметтерін пайдаланбайтын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың барлығына 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы берілетін болады.

5 жылдың ішінде бұл мақсаттарға 73,2 млрд теңге бөлінеді. 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша 15 орталық ашылады, - деп түсіндерді Мамин.
Айта кетейік, Мәжілісте «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасы талқылануда.

baq.kz

12 ақпан 2021 ж. 414 0