Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сүйінші»: Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

«Сүйінші»: Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

19 млн. -шы болып дүниеге келген қыз бала екен, тілекші сәбиіміз бақытты болғай.
Қазақстанның халқы 19 миллионға жетті,  деп хабарлайды Адырна порталы. 
Бұл жайында фейсбуктегі жеке әлеуметтік желідегі парақшасында елге белгілі азамат Естай Жайлыбай ағамыз жазба қалдырып, қазақ халқынан сүйінші сұрады. Естай ағамыздың жазбасында былай делінген:
"Сүйінші, Қазақ Елі! Тап қазір еліміздегі халық саны 19 млн. жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халық саны және әлеуметтік департаменті, дүние жүзі және әрбір елдің халқы санын секундына дейін бақылап, арнаулы Countrymeters. info сайты арқылы жария етіп отырады. Біздің елдің осы санға жетуін таң ертеңнен бері қадағалап, түсіріп алдым. 19 млн.-шы болып дүниеге келген қыз бала екен, тілекші сәбиіміз бақытты болғай. Тарихи, айтулы оқиға деп бағалаймын. Өсе бер, ҚАЗАҚ ЕЛІ!"
Нәрестелер көптеп өмірге келе берсін! Қазақстанның халқының саны артып, бай-бақуатты елге айнала берейік!
sn.kz
28 ақпан 2021 ж. 555 0