Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2050 жылға қарай жер бетіндегі халық саны болжанды

2050 жылға қарай жер бетіндегі халық саны болжанды

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2050 жылға қарай әлем халқының санын жөнінде болжамын ұсынды.

БҰҰ ХХІ ғасырдың ортасында планетаның халқы 9,7 млрд адамға дейін өсетіні атап өтті. Ғасырдың соңына қарай халықтың өсімі қалыпты болады. Жер бетінде 11 миллиардқа жуық адам өмір сүреді. Үндістан 2027 жылға қарай елде тұратын адам саны бойынша Қытайдан асып түседі. Бұдан басқа, Нигерия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Танзания, Индонезия, Мысыр және Америка Құрама Штатында халық санының өсуі күтілуде. Халықтың күрт өсуі Африкада болжанды.
Қаңтар айында Қытайдың халқы 70 жылда тұңғыш рет төмендеген. 2018 жылы Қытайда туған бала санынан гөрі адам өлімі 1,27 миллион адамға көп болды. 1979 жылы қытайлық билік халық санын бақылауда ұстау үшін "Бір отбасы - бір бала" деп аталатын  талап қойды. 2016 жылы балалар санына қатысты шектеу ішінара алынды, бірақ туу көрсеткіші жоспардағыдай болмады.

http://stan.kz  

19 маусым 2019 ж. 1 271 0