Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды

Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру жасы алты жылға ұзарып, орташа өмір сүру жасы 72,3 жыл болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 30 пайызға азайды. Бұл турады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова мәлімдеді.
«Өмір сүру жасы соңғы 10 жылда алты жылға ұзарды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 72,3 жасқа жетті. Сонымен қатар, ана мен бала өлімі азайды. Қанайналым және туберкулез сияқты әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерінен қайтыс болатындар саны да азайды», - дейді ол.
Ол соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесі елдегі демографиялық жағдайға әсер ететін аурулардың алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеуге басымдық бергенін атап өтті.
«Бұл қанайналым жүйесі, онкологиялық аурулар және әртүрлі жарақаттар. Ана мен бала денсаулығына баса назар аударылады. Мемлекет қабылдаған және қабылдайтын кешенді шешімдер бүгінгі күнде айтарлықтай нәтиже көрсетіп жатыр», - деді Ахметниязова.

Baq.kz
09 сәуір 2018 ж. 1 312 0