Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТЫ БАЙЛЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР

БАСТЫ БАЙЛЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР

Президент биылғы Жолдауындағы «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бағытында медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық көмек көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетіндігін айтқан еді. Аймақ басшысының тұрғындармен есепті кездесуінде де денсаулық сақтау саласында атқарылған ауқымды жұмыстар айрықша аталды.
Облыс бойынша саладағы маңызды басымдықтың бірі – апаттық нысандардың мәселесін шешу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту болды. Облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру былтыр 44,04 млрд теңгені құраған. Соңғы 5 жыл ішінде салынған нысан саны 57 болса, оның 49 апатты нысан орнына қайта салынып, жаңғыртылды. Сондай-ақ, өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспарына сай, 34 қажетті мамандық бойынша 1006 дәрігер, 1855 орта буын медициналық маман қайта даярлау курсында оқытылып, біліктілігін арттырды.
Негізгі міндет – өмір сүру ұзақтығын арттыру
Бұл бағытта аймақ халқының өмір сүру жасы 1,3 есе өсіп, 72,1 жасты құрады. «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде жалпы өлім-жітім себептерінің 52 пайызын құрайтын аурулардың және демографияға әсер ететін 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Осыған орай, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 89 бейінді кабинет ашылып, 3 деңгейлі көмек көрсету жүйесі құрылған. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары деңгейінде қан айналым жүйесі ауруларының асқынуын алдын алу мен диагностикалау мәселесі шешілуде.
Ақпараттық жүйені енгізу еселенуде
Биылғы Жолдауда ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолже- тімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігі баса көрсетілді.
Электронды денсаулық сақтау концепциясына сәйкес, 2016 жылдан бастап саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленген. Концепция негізінде медициналық ұйымдардың ІТ-инфрақұрылымдарын жақсарту және өзінің тиімділігін көрсете білген ақпараттық жүйелерді жоспарға сәйкес жүзеге асыру қолға алынды. Электронды денсаулық сақтау концепциясына сәйкес, облыстың денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілді. Медициналық ұйымдарда 22 республикалық ақпараттық медициналық жүйе жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда локалды ақпараттық медициналық жүйелер облыстағы медицина ұйымдарының 95 пайызына енгізілген. Сондай- ақ, компьютерлік техникамен жабдықтау көрсеткіші 80 пайызды құрады.
Қолдауы мол салаға халық риза
Өткен жылы көптен бері шешімін таппай келе жатқан жаңа типтегі аудандық орталық аурухана құрылысы басталған болатын. Бүгінде аурухана құрылысы қарқынды жүруде. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында бірнеше арнайы медициналық құрал-жабдық- тарға қол жеткізілді. Бір қуанарлығы – сырқатына шипа іздеген жандар алысқа ұзамай, «BBNURA» гемодиализ орталығында ем алуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жеке тұлғалардың есебінен әлеуметтік нысандар салу тәжірибесі бойынша өткен жылы 3 медициналық бекет салынып, Қосжар, Мергенсай, Ақбасты елді мекендерінде жаңа ғимараттар бюджетке сатып алынды. Ал, Атанши ауылдық округіне Халықаралық «Аралды құтқару қоры» арқылы жедел жәрдем автокөлігінің берілуі ауыл тұрғындарына үлкен көмек болды. Биыл мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында Бекбауылда дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен бірге, Жаңақұрылыс елді мекенінде фельдшерлік- акушерлік пунктін, ал Қосаман, Шөмішкөл, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендеріне медициналық пункт ғимаратын сатып алу көзделуде.
Ауруларды ерте сатысында анықтау маңызды
«Қазіргі денсаулық сақтау ісі негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс» деген Президент, тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ, осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу қажеттігін биылғы Жолдауында ерекше айтқан болатын.
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты аудандық емханаға өткен жылы 127 634 тұрғын қабылдауға келіп, медициналық тексеруден өткен. Соңғы жылдары емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарған. Бұл турасында аудандық емхана меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғарғы санатты дәрігер-ұйымдастырушы Шарапат Медетов:
– Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдар- ламасы бойынша мамандандырылған медициналық кө- мекті дамыту жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде кар- диология, травматология, қатерлі ісік аурулары, сон- дай-ақ, ми қан айналымының бұзылуы, жүктілік және босандыру бойынша арнайы жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде. Зертханалық-диагностикалық, яғни рентгенфлюорография, рентген кабинеттері, ЭКГ, маммография, эндоскопия, УДЗ кабинеттері және био- химия, ИФА зертханалары бар. Қазіргі уақытта кольпос- коп, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, жылжымалы маммограф, флюорография аппараттары және стома- тологиялық қондырғылар, зертханалық анализаторлар және биылғы жылы көз кабинетіне жаңадан алынған ком- пьютерлік периметр, авторефрактометр, офтальмоскоп құрылғыларының көмегімен тұрғындарға қызмет көрсе- тудеміз. Басты міндеттердің бірі – скринингтік тексерулер жүргізу арқылы ауруларды ерте сатысында анықтап, сауықтыру. Бірнеше жылдан бері құрамында УДЗ дәрігері, хирург, окулист, гинеколог, стоматолог және тағы басқа маман дәрігерлері мен УДЗ, ЭКГ, лабораториялық тексеру аппараттары бар жылжымалы медициналық кешен ауда- нымыздың, сонымен бірге, көршілес Қазалы ауданының ауылдық мекен халқына қызмет көрсетіп келеді, – дейді.
Емхана ұжымы республика аймағында енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Жекеленген санаттары бойынша науқастарға тегін дәрі-дәрмектер босатылады. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап енгізілген «Амбулаторлық-емханалық көмек» бағ- дарламасына сай науқастардың стационарды таңдау құқығымен портал бюросы арқылы ауруханаға және республиканың кез келген ауруханасына жату мүмкіндігі бар. Ал, стационарды алмастыратын көмек ретінде емханада 19 төсектік күндізгі бөлім жұмыс жасайды. Медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі аудит қызметі құрылған. Сонымен бірге, медициналық ұйым мәртебесінің мемлекеттік кәсіпорын болып өзгеруіне байланысты тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, тұрғындарға ақылы қызмет көрсетіле бастаған. Көрсетілген медици- налық қызметке шығынды өтеу тиісті органдармен жасал- ған келісім-шарт арқылы іске асырылуда. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде аудандық емха- наның негізгі индикаторлық көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді.
Лаура ӘЙТІМОВА

05 сәуір 2018 ж. 1 298 0