Қазақстан өмір сүруге қолайлы 31 мемлекеттің тізіміне кірді

Сараптама жүргізу үшін тұтынушылардың не сатып алатыны, жылжымайтын мүліктің, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарында көрсетілетін қызмет бағасы есепке алынды.
Үш көшбасшы қатарында Үндістан, Сауд Арабиясы және Пәкістан бар. Өмір сүруге қолайлы мемлекеттер тізімінің ең соңында Венгрия тұр.
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Украина 6-орында, Грузия 16-орында, Белорусь 27-орында, ал Қазақстан 31-орында тұр.
Порталда Қазақстан әсем табиғатымен ерекшеленетіні, сондай-ақ жалдайтын пәтер бағасы Нью-Йоркпен салыстырғанда 89%, азық-түлік бағасы 72%, жалпы өмір сүру бағасы 66% арзан екені жазылған.