Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2050 жылға дейін пайда болатын ғажайып құрылғылар

2050 жылға дейін пайда болатын ғажайып құрылғылар

Мүмкін, бірден 30 жыл көлеміндегі болашаққа қадам басу асығыстық болып көрінер, бірақ шын мәнінде, бұл тым ұзақ уақыт кезеңі емес. Оны түсіну үшін 30 жыл бұрын қандай болғанын еске түсірейік және уақыт тез өтіп, технологияның қандай жетістікке жеткенін ойлайық.
Өткен ғасырдың 80-90 жылдары адамдар жаңадан пайда болған «супер-компьютерлер» адамды толығымен ауыстыратынына сенімді болды, шындығында алғашқы «супер-компьютерлердің» қабілеті бірнеше минутта алгебралық теңдеулерді шешуге ғана жететін. Ал, қазіргі қарапайым калькулятор оны санаулы секундта-ақ жасайды. Сондай-ақ, сол уақыттың адамдары технология дәл бүгінгідей қарқынды дамиды деп ойламаған да болар. Егер, 30 жыл бұрын адамдарға ұялы телефон, интернет, видеоконференциялар немесе iPad туралы айтса, құлағына ілмеуші де еді. Сондықтан, біздің мақаладағы құрылғыларды да бір күні қолданатынымызға сену керек.
Сонымен, Сіздерді болшақта пайда болатын керемет құрылғылармен таныстыруды бастайық:
1. Ұшатын көлік Алғашқы ұшатын автокөлікті Moller компаниясы 2003 жылы таныстырды. Бірақ, жоба өте қымбат болғандықтан, көлік өндірісі іске қосылмаған. Сол себепті, «Skycar M400X» көлік және ұшақ түріндегі құрылғы адамдар үшін арман болып қалды. Алайда, жақын арада ұшатын электромобильдердің сериялық үлгілері пайда болады.
Сіз болашақ ұшатын электромобильдің прототипін көре аласыз. Mazda Kaan 400 км/сағ жылдамдықпен ұшуға қабілетті және электр қуатымен жұмыс істейді. Бастапқыда өндірушілер оны E1 жарыстарына қатысатын көлік ретінде жоспарлаған, бірақ кейіннен жаңа инновациялық қозғалыс құралдарын жасап, жетілдіруді шешкен. Инженерлер командасы жобаны бір жыл бойы талдаудан өткізіп, он жылдан кейін алғашқы сатылымға шығарады деп күтілуде. 2050 жылға қарай мұндай көліктер барлық жерде болады деп болжанып отыр.
2. «Мәңгілік жастық» құпиясы 2050 жылға қарай ғалымдар «Мәңгілік жастықтың» құпиясын ашады деген болжамдар бар. Егер құпия ашылса, Сіз жас болып қала аласыз және ұзақ өмір сүресіз. Бірақ, бұл фантастика немесе шындық болуы мүмкін. Дегенмен, алдағы 30-40 жылда ғалымдар дамыған технология арқасында жасушаның қартаюын бақылап және қартаюды баяулатып, өмір сүруді 2-3 есе ұзартудың жолын табады деп айта аламыз. Ал, Сіз 250 жыл өмір сүруге қалай қарайсыз?!
3. Эко-үйлер «2050 жылға қарай барлық әлем осындай «жасыл» қоныстарда өмір сүреді», - дейді ғалымдар. Ол үйлердің құрылысы кәдімгі баспанамен бірдей болады. Ал, ерекшеліктері: шатырында күннен, аулада немесе балкондарда желден қуат алатын батареялармен, ұшатын көлікке арналған алаң және телепортацияға арналған гаражбен жабдықталады. Сондай-ақ, үйіңізде қоқыс шығару, тамақ дайындау, тазалау және басқа да ұсақ-түйек күнделікті тапсырмаларды орындайтын робот болады.
4. Писсуарлық ойындар Болашақ міндетті түрде көңілді және қызықты болуы керек. Осы мақсатта тіпті, дәретханадағы уақытты қызықты өткізетін арнайы құрылғылар пайда болуы мүмкін. Ол құрылғылар арқылы көршілермен немесе ғаламшардағы кез келген адаммен байланысып, желі арқылы ойнай аласыз.
5. Роботтар 2050 жылға қарай роботтар барлық жерде болады. Олар кино көрсетеді, бізді емдейді, пайдалы дүиелер үйретеді және т.б. Сондай-ақ, олардың жеңіл қызметтер атқаратын ең арзаны да, ауыр жұмыстар істей алатын қымбаты да болады.
6. Компьютерлер Олар болашақта әдеттегі түсінікке сыймай қалады. Тіпті, біздің бүгінгі «компьютер» деген атауымыз 2050 жылдары мүлдем басқаша болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін өте көп компьютерлер пайда болды, біз оларды ой күшімен басқарамыз. Олай болса, күннен күнге дамып жатқан адам миы келешекте қазіргі компьютерлерді менсінбей, ойыншық сияқты көреді. Ал, осы құбылыс өндірушілерді жаңа құрылғылар ойлап шығаруға мәжбүрлейді. Расында, болашақтағы гаджеттерді елестету қиын!..
ernur.kz

25 наурыз 2019 ж. 1 311 0