Қызылорда: Олимпиадада 115 оқушы жүлдегер атанды
 Қызылорда өңірінде облыстық пәндік олимпиаданың нәтижесі нақтыланды.
Қызылорда өңірінде облыстық пәндік олимпиаданың нәтижесі нақтыланды.Білім сынағына әртүрлі пәндерден 292 оқушы қатысқан. Нәтижесінде 115 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 21-і Алтын медаль, 37-і күміс медаль, 57-і қола медаль алды.
Олимпиада жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша ұйымдастырылған. Пандемия жағдайында өткен олимпиадада әр күн сайын 6 аудиторияда 50-ден аса бала сынақ тапсырған.
Тағы оқыңыз: Баланың таңдауы болашағын айқындамай ма?
Биылғы ерекшеліктің тағы бірі – қоғамдық бақылау жүргізудің ашықтығы. Яғни олимпиаданы әрбір ата-ана арнайы ютуб желісіндегі сілтеме арқылы тікелей бақылай алады.
Бес күнге созылған олимпиадада балалар тест тапсырмалары, эксперименттік тур бойынша жазба, эссе, лексика-грамматикалық тесттер, хат және аудижазба түрлерінен сынақ тапсырды.
kyzylorda-news.kz






 
		 
		



