Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады - Аймағамбетов

2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады - Аймағамбетов

ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер бүгінгі таңда күніне екі құжат ғана толтыруы қажет екенін айтты.
Министрдің айтуынша, 5 жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін ай сайын қосымша 17 мың теңге үстемақы төленеді.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның аясында педагогтердің еңбек жағдайлары да жақсартылуда. Педагогтерге тән емес функцияларды және көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Педагогтер бүгінгі таңда күніне екі құжат ғана толтыруы қажет. Бұл – электронды журнал және оқу жоспары, - деп атады Білім басшысы.
Сонымен қатар барлық облыста педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашылады.

2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Осының барлығы мектептерді кадрлармен толық жабдықтауға мүмкіндік береді, - деп түсіндерді Асхат Аймағамбетов Үкіметтің онлайн отырысында.
Айта кетейік, министр бұған дейін баяндағандай, 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар оқулықтардың мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар бекітілгені туралы айтылған болатын.

baq.kz​​​
11 наурыз 2021 ж. 2 121 0