Бас санитар дәрігер үндеу жасады
ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.
Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны, өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді Ерлан Қиясов.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалады, вирустың жаңа штаммдарының таралуымен байланысты коронавирустық инфекция ауруымен сырқаттанушылық тіркелуде. Әлемнің көптеген елдерінде карантиндік шаралар күшейтілуде.
Сондай-ақ бас сантиар алдағы мереке және демалыс күндері карантин талптары сақтауға бірнеше кеңес берді.
● Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;
● халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;
● қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;
● жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;
● әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;
● шетелге барудан бас тарту.
Барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын және әрбір отбасына зор денсаулық, амандық тілеймін және барлығымыз бұрынғы өмірімізге қайта оралайық, – деді ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
baq.kz