Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күндері сақтық шараларын қатаң сақтау қажет

Мереке күндері сақтық шараларын қатаң сақтау қажет

Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мереке күндері сақтық шараларын назардан тыс қалмау керектігін айтады.
«Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы бұл мейрамды карантиндік режимде атап өтуді талап етіп отыр.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирус инфекциясының эпидахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта. Дегенмен де COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары күн сайын тіркелуде. «Өкінішке орай, карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де азаймай тұр. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 99 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның басым көпшілігі халыққа қызмет көрсету орындарында анықталуда, үй жағдайында той жасау фактілері азамай отыр. Карантин талаптарын бұзушылықтар кәсіпкерлік нысандармен қатар, білім беру, медициналық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде де орын алып отыр.   Сақтық шаралары ғана індетті тоқтата алатындығын естен шығармауымыз керек.
Өңірімізде карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен бірқатар шектеулер әлі де сақталуда. Солардың бірқатары –  ойын-сауық іс-шараларын, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды  өткізуге, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады.
Алдағы Наурыз мерекесі мен ұзақ демалыс күндері  халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шаралар өткізбеуге және қатыспауға, суық тигізіп алмауға, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әрқайсымызға байланысты, сондықтан маска тағып жүріңіздер, әлеуметтік ара қашықтық пен қарапайым гигиена талаптарын сақтауларыңызды сұраймын», – дейді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова.

kyzylorda-news.kz
19 наурыз 2021 ж. 405 0