САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАНҒАНЫМЫЗ АБЗАЛ
Қазір елімізде әлемді алаңдатып отырған індеттің таралуы бәсеңдемей отыр. Соған сәйкес 5 шілдеден бастап карантин режимі енгізілді. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеу жариялады.
Президент еліміздің тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты екендігін және коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатқандығын айтып өтті. Мемлекет тарапынан індеттен сақтану мақсатында қажетті шаралар атқарылуда.
Өкінішке орай, бұл дертке шалдыққандар саны азаймай отыр, тіптен, қайғымен аяқталып жатқан жағдайлар да кездесуде. Мемлекет басшысы сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл да әрине, оңай емес.
Қазір ақ халатты жандар алдыңғы шепте көзге көрінбейтін жаумен күресуде.
Елдегі жағдайға байланысты барлық аудан тұрғындарын дәрігерлердің кеңесіне құлақ түріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын.
Бүгінде ел арасында той-тобыр, құдажол-садақалар азаймай отыр. Дерттің таралуына адамдар көп жиналатын осындай отбасылық дәстүрлер себепші боп отыр. Бұл кезеңнен аман өтіп кеткенше уақытша отбасылық жиын-тойларды тоқтата тұруымыз қажет. Өз денсаулығымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң ұстанайық!
Аманжол Жолмағанбетов,
Ардагер-ұстаз, Арал қаласындағы көше комитеті төрағалары кеңесінің төрағасы.