САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАНҒАНЫМЫЗ АБЗАЛ

Өкінішке орай, бұл дертке шалдыққандар саны азаймай отыр, тіптен, қайғымен аяқталып жатқан жағдайлар да кездесуде. Мемлекет басшысы сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл да әрине, оңай емес.
Қазір ақ халатты жандар алдыңғы шепте көзге көрінбейтін жаумен күресуде.
Елдегі жағдайға байланысты барлық аудан тұрғындарын дәрігерлердің кеңесіне құлақ түріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын.
Бүгінде ел арасында той-тобыр, құдажол-садақалар азаймай отыр. Дерттің таралуына адамдар көп жиналатын осындай отбасылық дәстүрлер себепші боп отыр. Бұл кезеңнен аман өтіп кеткенше уақытша отбасылық жиын-тойларды тоқтата тұруымыз қажет. Өз денсаулығымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң ұстанайық!
Аманжол Жолмағанбетов,
Ардагер-ұстаз, Арал қаласындағы көше комитеті төрағалары кеңесінің төрағасы.