Қызылордада 42 нысан карантин талаптарын бұзған

Үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар да тыйлмай тұр, жыл басынан бері қыз ұзату, үйлену, тұсау кесер сияқты 8 той анықталған.
Дәстүрлі форматта оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында мониторингтік жұмыстар білім беру нысандарында да күшейтіліп, 6 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Қазалы ауданында мектеп пен балабақшада санитариялық талаптар сақталмай қызметкерлер арасында жиналыс өткен, істен шыққан санитайзерлер ауыстырылмаған, сыныпта 15 оқушыдан артық бала оқуына жол берілген.
Анықталған 42 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 3 587 910 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
baq.kz