Қызылорда: Биыл 1-сыныпқа 19 мыңнан аса бала барады
Тамыз айының біріне дейін жалғасады. Өтінішті электронды түрде береді. Ал шалғай ауылдағылар үшін мектептерде құжатты қолма-қол тапсырады.
«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтауға мүмкіндігі болады. Тиісінше білім ұйымдары қажетті оқу құралдарын дайындайды», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Бірінші сыныпқа алты жастағы балалар қабылданады. 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша 1-сыныпқа 19 мыңнан аса бала барады деп күтілуде.
kyzylorda-news.kz