Биыл шыны зауыты іске қосылады

– Пандемияға байланысты біраз жоба тоқтап қалды. Қазір соның бәрін қайта қолға алып, жандандырып жатырмыз. Мәселен, биыл Қармақшы мен Аралдағы жобалардан бөлек, Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында кен байыту комбинатын, «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасының және Аралдағы кальцилендірілген сода зауытының құрылысы басталатын болады. Айта кетейін, сода зауыты жобасы бойынша инженерлік инфрақұрылымы «Бизнестің жол Картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүргізілуде, – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Сонымен қатар, бүгінде қуаттылығы жылына 5 мың тонна өндіретін ет комбинаты және сүт өңдеу кешенінің ІІ кезеңі жобалары бойынша қажетті инженерлік инфрақұрылымдары жеткізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жалпы индустрияландыру бағдарламасының ІІІ бесжылдығы аясында облыста 7 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 41 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Арал ауданындағы экспортқа бағытталған балықты тереңінен өңдеу цехтарының І кезеңі, облыстағы алғашқы кварц құмын байыту комбинатының желісі, Жаңақорғанда тротуарлық плитка, бордюр, лего кірпіш өндірісі және Жалағашта түйіршіктелген аммоний-сульфаты өндірістері пайдалануға берілді.
aqmeshit-aptalygy