Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілектестік

Тілектестік

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!Сізді Үкімет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын.
Облыс орталығы Қызылорда қаласының әкімі қызметін 8 жыл бойы абыройлы атқардыңыз. Тәжірибелі маман ретінде Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор.
Сіз басқарған жылдар ішінде Қызылорда қаласы көз алдымызда көркейіп, келбеті келіскен әсем шаһарға айналды. Зәулім ғимараттар бой көтерді. Көптеген көшелерде жол мәселесі шешімін тапты. Түрлі әлеуметтік мәселелермен Өзіңізге жүгінген әрбір тұрғынның мәселесін дер кезінде шешуге атсалыстыңыз. Осындай іскерлігіңіздің арқасында көптеген тұрғындар жедел әрі аз уақыт ішінде баспаналы болды.
Тындырымды жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жарқын бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асқанына Сыр жұртшылығы куә болып келді.
Қазақтың алғашқы астанасы болған, тарихи қалаға ұзақ уақыт бойы басшылық етіп, күрмеуі көп мәселелердің жүйелі шешімін табуы тек іскер адамның қолынан келер жұмыс екендігі белгілі.
Алдағы уақытта да Премьер-Министр кеңсесіндегі жауапты қызметті абыройлы атқаратындығыңызға теңіз төскейіндегі аралдықтар да зор сенім білдіреді.
Еліміздің дамуына бағытталған жаңа қызметіңізге сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.
Құрметпен,
Арал ауданының әкімі Мұхтар Әуесұлы Оразбаев
02 сәуір 2021 ж. 463 0