Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды.
Нұрлыбек Машбекұлы Үкімет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.
2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған.
2013 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қаласының әкімі болып келді.

kyzylorda-news.kz
01 сәуір 2021 ж. 624 0