Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алекцей Цой: Коронавирустың өршуі барлық аймақтарда байқалады

Алекцей Цой: Коронавирустың өршуі барлық аймақтарда байқалады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 12 күннен бері ел "қызыл" аймақта екенін атап өтті. Сондай-ақ, "қызыл" аймақта сегіз аймақ бар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары.

"Сары" аймақта жеті аймақ орналасқан: Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары бар.

"Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Мәселен, сәуір айының 11 күнінде наурыз айының осы кезеңімен салыстырғанда 24 955 CVI ауруы тіркелді. Сырқаттанушылықтың үш есе өсуі байқалады. Тәулігіне 2800 науқас тіркеледі. Қостанай және Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық аймақтарында аурудың өсуі байқалады. Бұл ретте елдегі сырқаттанушылықтың 61% үш облыстың үлесіне тиеді - Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысы", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Аурулардың санының артуымен қатар өлім жағдайларының өсуі байқалады. Мәселен, наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда КВИ-дан көз жұмғандар саны 1,4 есе өсті. Бұл ретте өлім жағдайларының 57%-ы үш өңірге - Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысына тиесілі.

12 сәуір 2021 ж. 347 0