Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сегіз өңір "қызыл" аймаққа кірді

Қазақстанда сегіз өңір "қызыл" аймаққа кірді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика 12 күннен бері «қызыл» аймақта тұр. Жалпы, «қызыл» аймақта 8 яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары бар. Өткен апта ішінде «сары» аймаққа 4 өңір енді, осылайша онда барлығы Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы тұр. «Жасыл» аймақта тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары қалған, - деді ол.

Министрдің айтуынша, сәуірде елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеген. Сәуірдің 11 күнінде бас-аяғы 24 955 адам вирус жұқтырған. Сырқаттанушылық деңгейі 3 есеге өскен. Тәулігіне 2800-ге дейін жағдай тіркелуде.

Сырқаттанушылық деңгейі Қазақстанның Түркістан және Қостанай облыстарынан басқа барлық өңірінде байқалып отыр. Осы ретте сырқаттанушылық көрсеткішінің 61%-ы үш өңірге - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Алматы облысына тиесілі. Сырқаттанушылық деңгейінің артуына байланысты өлім-жітім көрсеткіші де өсіп отыр. Елімізде ақпан айымен салыстырғанда наурыз айында қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артты. Бұл орайда қайтыс болғандардың 57%-ы үш өңірге - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Алматы облысына тиесілі, - деді ол.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай тестілеу көрсеткіші тәулігіне 48 000-ға дейін өскенін айтты. Ол сонымен қатар, өңір әкімдерінен жағдайды үнемі бақылауда ұстап, мониторинг жүргізуді, жылдам әрекет етіп, профилактикалық шараларды іске асыруды сұрады.

baq.kz
12 сәуір 2021 ж. 340 0