Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр энергиясы қымбаттайды

Электр энергиясы қымбаттайды

Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидалараның талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағалараның көтерілетіні туралы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар міндетті түрде өткізіледі.
Осыған сәйкес осы аптада З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде салалық департамент пен «Дәулетэнерго» ЖШС-нің хабарламасын қарау кезінде жария тыңдау өткізді. Аталған жиынға аудандық мәслихат хатшысы, депутаттары, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты. Жария тыңдауда қатысушыларға 2021 жылдың 5 мамырынан бастап енгізілетін «Дәулетэнерго» ЖШС-ның жоспарланған бағаларының жобасы таныстырылды. Атап айтқанда жеке және заңды тұлғаларға, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік және бюджеттік мекемелер үшін тұтынылатын энергия көзінде тарифтер қымбаттайтыны айтылды. Яғни, «Дәулетэнерго» ЖШС-ның электрмен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы қолданыстағы ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 20,72 теңгенің орнына ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 22,31 теңгені құрайтын болады. Пайыздық көрсеткішпен есептесек 7,6 пайыз.
Бұл ретте электр энергия тарифтерінің өзгеруі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 30 наурыздағы №108 бұйрығына сәкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 11 пайыздан 25 пайзыға дейін артуына байланысты тариф қымбаттайтынын айта кеткен жөн. Жария тыңдауда осыған байланысты 2021 жылдың 31 наурызында «Дәулетэнерго» ЖШС-і электр энергясымен жабдықтау қызметі бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы ақпаратты жан-жақты ұсынды.
Қазіргі уақытта Департаментпен бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Жария тыңдауда «Дәулетэнерго» ЖШС-ның басшылығы департаментпен бірлесіп, тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысына сәйкес қатысушылар тарапынан  түскен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, департаментпен бірлесіп соңғы шешім 2021 жылдың 16 мамырында қабылданатын болады.
«Толқын» ақпарат.
 
27 сәуір 2021 ж. 544 0