Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмысқа ауыстырылады

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында айтылған.
«CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады», деп жазылған құжатта.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
syrboyi.kz