Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 65 жастан асқандарға сәуір айынан бастап вакцина салынады

Қазақстанда 65 жастан асқандарға сәуір айынан бастап вакцина салынады

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сәуір айынан бастап біз 65 жастан асқан адамдарға, яғни қауіп тобына вакцина егуді бастаймыз. Вакцина аймақтарға келгендіктен, вакцина алатын топтардың тізімі кеңейтіледі", – деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, дәрігерлер мен мұғалімдер арасында 65 жастан асқан қызметкерлерге вакцина егіліп үлгерген.

"Айта кету керек, біз дәрігерлер мен мұғалімдерге вакцинация жасаған бірінші кезеңде 70-тен асқан адамдар едәуір көп болды. Бұл әлі күнге дейін медициналық ұйымдарда қызмет етіп жүрген қызметкерлер. 60 жастан асқан адамдардың саны едәуір көп болды. Қазіргі уақытта барлығы жақсы жұмыс істейді. Вакцинацияны олар қабылдайтынын ескере отырып, біз вакцина қолжетімді болған кезде сәуір айында вакцинацияланатын топтардың кеңеюі басталады деп үміттенеміз. Наурыз айының соңында біз 150 мың доза аламыз деп күтеміз", - деді Қиясов.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина алған азаматтар үшін арнайы куәлік әзірленді.

17 наурыз 2021 ж. 567 0