Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл – 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды», – деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.
syrboyi.kz