Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері тұрып жатыр

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері тұрып жатыр

baq.kz ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Əукенов онлайн брифинг барысында Қазақстанда тұрып жатқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері жайында айтты.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері және 123 мыңнан астам соғыс мүгедектері мен жеңіске үлес қосқан басқа да азаматтар тұрып жатыр. Отанымыздың басына күн туғанда қолына қару алып, майданға аттанған, тылда аянбай еңбек еткен аға ұрпақ өкілдерінің жеңіске жету үшін талай тауқымет көргенін бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық борышымыз. Соғыс уақытында кеңес армиясы қатарында 1 млн 2 жүз мыңнан астам қазақстандық шақырылған, - деді спикер.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі 20-дан астам атқыштар дивизиясы және басқа да әскери құрылымдар жасақталғанын атап өтті.
 Әскери еңбегі үшін мыңдаған қазақстандық ордендермен және төсбелгілермен марапатталды. 500-ге жуық адам "Кеңес одағының батыры" атағын иеленді. Олардың ішінде 4 қазақстандық екі мәрте "Кеңес одағының батыры" атағы берілді. 110 майдангер 3 дәрежелі данқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық жеңіс үшін басын құрбандыққа тікті. 630 мың адам ұрыста қаза тапты, жараланып, аурудан қайтыс болды, - деді Ерлан Әукенов.
Сонымен бірге, вице-министр жеңісті жақындату үшін бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген ортақ ұранмен еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор екендігін тілге тиек етті.
05 мамыр 2020 ж. 1 054 0