Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында көзі тірі 25 ардагер қалды

Қызылорда облысында көзі тірі 25 ардагер қалды

Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан әрбір майдангерге құрмет көрсетіп, рухына тағзым ету кейінгі ұрпақтың парызы. Қызылодада Жеңістің 74 жылдығына арналған шара жыл сайынғы үрдіспен Тағзым алаңында өтті. Батыр бабаларымыздың жанқиярлық ерлігімен келген бүгінгі бейбіт күннің әр сәтін бағалай білетін Сыр жастары да қатардан қалған жоқ. Ерлікке бас иген өрелі өрендер соғыс ардагерлеріне қолдан келгенше қолғабыс етті. Жеңімпаз жауынгерлердің өнегелі әңгімесін тыңдап, сый-құрмет көрсетіп, батасын алды. Ұлы Отан соғысына Сыр өңірінен 70 мыңдай сарбаз аттанды. Оның жартысына жуығы майдан даласынан оралған жоқ. Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының көзі тірі 25 ардагері ғана қалды.  Мақсұт Сырғалиев,  соғыс ардагері: - 100-200 адам түсесің, бір жүргенде содан шығып келемін дегенше 10 адам қала ма, қалмай ма?Басқасының бәрі жолда қалды, оларға оқ тиіп қалғанын, ауырып қалғанын, сүрініп құлағанын білмейсің. Соғыс деген аты да жаман ғой. Соғыс болмасын айналайын балдарым. Менің тілегім осы. Ел аман, халық тыныш болсын, бейбіт өмір сүрейік, Балаларымыз тыныш ұйықтап, тыныш оқып, білім алсын.
https://24.kz/ru/
10 мамыр 2019 ж. 1 434 0