Полицейлер ардагерге құрмет көрсетті

«Мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне, олардың отбасына және оларға теңестірілген тұлғаларға сыйлықтар жасаймыз, құрмет көрсетеміз. Бүгін Сембай Қожахметұлы ардагерімізді құттықтау үшін облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің атынан арнайы келдік. Бұл кісілердің ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмыт болмайды. Өскелең ұрпаққа үлгі ету жолында жұмыстар жасалып жатыр»,- деді ішкі істер органдарының облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожақов.
Ғасырға жуық ғұмыры бар, өмірдің ащысы мен тұщысын көрген көреген қарияға сәлем беріп, ақыл-кеңесі мен батасын алуға келген қонақтарға үйренген ардагердің отбасы қазақы салтқа сай дастархан жайып, Сембек ата қонақтарға батасын берді, өз ризашылығын білдірді.
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел, тегі, қайдан алсын кемеңгерді», - деп І. Жансүгіров жырлағандай, қазыналы қариялар аман болса, елдің берекесі берік болатыны анық.