Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді
Жаңа қаулыда бірқатар өзгерістер көрсетілген. Мәселен, міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде аталған дертпен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
«Ал қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы төмендегі талаптар негізінде жүргізіледі. Атап айтқанда, үй-жайда орналасқан мейрамханалар, дәмханалар, кофехана орналасқан орнына қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізе алады. Ал ашық ауада (жаздық зал) отыратын орын саны 30-дан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Оларға тамақты жеткізу және шығару қызметін қоспағанда жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізу назарда ұсталады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 24.00-ге дейін ұйымдастырылады», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Ведомствоның хабаралуынша, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.
syrboyi.kz