Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин шаралары жеңілдетілді

Карантин шаралары жеңілдетілді

Облыс бойынша шектеу шараларын, оның ішінде карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 Қаулысы жарық көрді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Мүтәліпқызы мәлімдеді.
«Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс істеп тұрған және кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс істеледі», – деді Әлия Мүтәліпқызы
«Осы қаулы 2020 жылдың 17 тамыз күні сағат 00-ден бастап күшіне енеді. Олардың қатарында бірнеше шектеу және карантиндік шараларға жеңілдіктер енгізілді. Атап айтқанда :
– сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері жұмысына (толтырылуын 30% -дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін;
– сұлулық салондарының, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жұмысына (алдын ала жазылу бойынша, 1 адамға шаққанда 4 ш.м. болу) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін;
– меншік нысанына қарамастан балалар коррекция, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызмет көрсетуіне (5 адамнан аспайтын топтармен, алдын ала жазылумен);
– меншік нысанына қарамастан балабақшалардың кезекші топтарына (15 баладан асырмай);
– ашық алаңдағы аттракциондар жұмысына сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
– фитнес орталықтарының (бассейнсіз), тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар т.б.) жұмысына (1 адамға 5 ш.м. дейін болу, толтырылуын 50% -дан асырмай, алдын ала жазылумен) сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
– қоғамдық монша, сауна (бассейнсіз, толтырылуын 50%-дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) жұмысына сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;
– ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспай) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін;
– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып Ұлттық құрама, клуб командаларына спорттық жаттығулар өткізуге (30 адамнан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
– облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеумен (пик сағаты уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық тазарту, барлық есіктерді ашу, жолаушылар саны көліктегі орындар санына сәйкес болу керек);
– қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне 1 адамға 4 ш.м. дейін болу, толтырылуын 30%-дан асырмай сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
– ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін;
– халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына тек алдын ала Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау арқылы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін;
– қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысына сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне;
– халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің қызметіне сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
– аймақтау талаптарын сақтай отырып медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне.
18 тамыз 2020 ж. 523 0