Жалған вакцина төлқұжатын жасағандар жазаға тартылады
Жалған төлқұжатты саудалағандар үшін де, сатып алғандар үшін де айыппұл салынып, тіпті бас бостандықтан айырылу жазасы да қарастырылған, деп хабарлайды egemen.kz.
Бундесрат федералды кеңесі инфекциядан қорғау жөніндегі заң жобасына бірнеше өзгертулер еңгізді. Оған сәйкес жалған вакцина төлқұжатын жасағандар екі жылға дейін, ал оны қолданғандар бір жылға дейін қамалуы мүмкін. Белгілі болғандай, заң бұзушылар адамның суретін әлеуметтік желілерден алады екен. Кейін оны шамамен 100 еуроға сатып алуға болады. Енді жергілікті билік пен тәртіп сақшылары карантиндік шектеу шараларының жеңілдетілуіне орай мұндай төлқұжаттарға деген сұраныс арта түсуі мүмкін деп дабыл қағады.
«Германияда вакциналаудың электрондық төлқұжатын енгізу өте орынды. Оны телефон арқылы көрсететіндей етіп жасау тіпті тиімді болар еді. Себебі елде 5 егде адамның төртеуінде смартфон бар. Ал төлқұжаттың қағаз нұсқасы тек ерекше жағдайларда талап етілуі керек. Мұндай цифрлық құжат кейін Еуроодақтың барлық аймағында қолданылуы тиіс. Бұл соңғы уақытта көп талқыланып жатқан мәселе», дейді Бундестаг депутаты Александр Краусс.