Қазақстанға жалған төлқұжатпен кірмек болған қырғызстандық азамат ұсталды

Оқиға 26 шілдеде "Ақ тілек-автожол" БӨП — де орын алған. Шекара қызметінің қызметкерлері күдікті ер адамды ұстаған. Анықталғандай, ол жалған төлқұжатын көрсетіп, Қазақстан аумағына шығуға тырысқан.
Шекарашылар бірден құжаттағы фотосурет пен ұсынушының сыртқы келбеті сәйкес еместігін анықтады.
Тәртіп бұзушы мән-жайларды анықтау үшін ұсталды. Басқа мәліметтер белгісіз.