Шекарашылар бөтен құжатпен және жалған визамен жүрген шетелдіктерді ұстады

Аталған жасақтың «Гродеково» заставасының аумағында шекарашылар түнгі 23.00 шамасында қызметтік иттің көмегімен, Қырғыз Республикасынан біздің елге қарай мемлекеттік шекараны бұзып өтуге әрекеттеніп жатқан жасы 17 шамасындағы қырғыз азаматын ұстады. Айтуына қарағанда, түннің жарымында өзге мемлекеттің аумағына заңсыз жолмен өтпек болған себебі - «әкесінің ашуына тиіп алып, таяқ жеуден қорқып қашқан». Анық-қанығын анықтау үшін бозбала Ассы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда шекарашылар «Алматы-Бішкек» бағытымен ұшқалы тұрған КС-109 әуе рейсінен 1983 жылы туған Ауғанстан азаматын ұстады. Ұстауға себеп болған - Канаданың қолдан жасалған визасы.
Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек» шекара заставасы аумағында сағат түнгі 22-лер шамасында түн қараңғылығын пайдаланып мемлекеттік шекараны бұзып, біздің елге өтпек болған жасы 40-тар шамасындағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ұсталған азаматтың кім екенін және қандай мақсатпен жүргенін Сарыағаш аудандық полиция бөлімі анықтап жатыр.