Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды

Жағдай "Сарпи" өткізу пунктінде болды. Шекарашылар кеден мен паспорт тексерісінен өтіп келе жатқан жас жігіттің үлкен чемоданына назар аударады.
Кейін чемоданды ашып қарағанда ішінен әйел адам шығады. Ол — 27 жастағы Өзбекстан азаматы. Агенттіктің хабарлауынша, оған Түркияға кіруге тыйым салынған.
Дәл қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
sputniknews.kz