Қазақ-қытай шекарасында оқ-дәрі тасымалдаған келіншек ұсталды

Анықталғандай, ол әйел адам. 14 наурызда шамамен сағат 10.30-да «Toyota Prado» маркалы автокөлікті тексеру барысында 7,62 * 39 мм калибрлі 13 оқ-дәрі табылды. Оқиға Қазақ – Қытай шекарасында орын алды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
Автокөлік жүргізушісі «Қорғас» сауда кешеніне бара жатқан. Әзірге оқ-дәрілер кеден бақылауында, ал жүргізуші қамауға алынды.
Қазір мән-жайды Алматы облысы Панфилов аудандық полициясы анықтап жатыр.