Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 6 жылға жуық уақыт өткен соң не себепті олай айтқанын түсіндірді

6 жылға жуық уақыт өткен соң не себепті олай айтқанын түсіндірді

Ринат Зайытов “Саз әлемі” жобасында Димаш ән айтқан кезде, мұндай әншілерден қорқатынын жеткізген еді. Ақын арада 6 жылға жуық уақыт өткен соң не себепті олай айтқанын түсіндірді. Сондай-ақ, ол мемлекеттің бүгінде Димашқа қандай атақ берсе де жарасатынын айтты.Ринат Зайытов журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Димашқа кез келген атақты беруге болады. Қайсысы қазір ең жоғарғысы? Мәдениет қайраткері ма? Оған берген жоқ па? Қызық екен. Оған лайық.
Бірақ біз талант пен ұлтқа қызмет ететін адамның аражігін ажыратып алайық. Неге Димаш ән айтқан кезде, мен мұндай әншілерден қорқамын дедім. Біздің қазақтың онсыз да болмысы еуроапаланып бара жатқан кезде дәл сондай феномен шығатын болса, мен біздің жастардың соның артынан еретінін толық білдім”, – дейді Зайытов.
Ақынның пайымынша, “Славян базары” байқауынан кейін еліміздің мәдениет министрлігі Димашты дер кезінде бағалап, Қазақстанның опералық төлқұжаты ретінде пайдалануы керек еді. Алайда ел билігі олай жасамағандықтан, Димаш бүгінде Қытай саясатының құрбанына айналып отыр, деп мәлімдеді ақын.
“Димаштың қазіргі сахналық образын қалыптастырған кім? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай. Неге қытай ұлты оны бүкіл жастары артынан шырылдап, біз қазір қазақша ән жаттар жатыр дейміз. Неге істелініп жатыр? Олар біздің баланың өзін бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен дәл осылай болатынын білгем. Өйткені ол болған тәжірибе. Біз қазір шырылдаймыз, мен толыққанды келісемін. Бірақ Димаш ең болмаса Қазақстанда жүргенде, бір адам оны сол жерге барсын деп жетектеді ма? Жоқ жарқ етіп шыққан кезде, біз мақтануға мәзбіз. Керемет екен, сүйтіпті-бүйтіпті деп… Ал біздің министрліктің басы істейтін болса, осы “Славян базарынан” кейін осы Қазақстан мемлекетінің опералық паспорты ретінде пайдаланып, керісінше қою керек еді. Ол қазір Қытай саясатының таза құрбаны”, – дейді Зайытов.
Сұхбат барысында айтыскер ақын қазаққа қызмет етіп жатқан азаматтарды атады. Олардың қатарына шапанды брендке айналдырған Геннадий Головкинді, Қанат Исламды қосатынын айтты. Бұл тізімге Димашты қоса алмайтынын жеткізді. Себебі:
“Димаш Құдайбергеновті қай жағдайда қосамыз? Егер Димаш бір концертінде шығып, микрофонын жерге тастай сап, менің ұлтымды осы мемлекет қорлап жатқанда, мен бұл жерде ән айтпаймын деген ерлік жасайтын болса, біз сол кезде Димашқа ескерткіш қойсақ та артық етпес. Неге мүмкін емес? Жасасын, ер азамат қой”, – деп мәлімдеді айтыскер.
Әйткенмен қазақ өнеріне де Димаштың еңбегі сіңіп жатқанын мына сөзімен білдірді:
“Қазақ өнеріне еңбегі сіңіп жатқан адам – кеше Лондонда қазақтың домбырасымен концерт берген адам, одан кейін Брюссельде концерт берген Ерлан Рысқали”.
www.qazbrand.info
28 ақпан 2019 ж. 1 673 0