Қаныбек Әбдуов – «Қарымды қаламгер»
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын іске асырудың 2020-2021 жылдарға арналған медиа-жоспары шеңберінде Ішкі істер министрлігі алғаш рет детективтік шығармалардың «Серт» республикалық байқауын ұйымдастырған еді. Байқаудың мақсаты – полицейлердің күрделі де қауіпті қызметіне қоғам назарын аудару. Қатысушылардың еңбектерінде полицейдің шынайы бейнесі айқын көрініс тапқан. Конкурсқа бұрын жарияланбаған 30-дан астам шығарма келіп түсті.
Осы байқауда әріптесіміз, Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі, жазушы Қаныбек Әбдуов «Ұры» повесі үшін «Қарымды қаламгер» номинациясын жеңіп алды. Кеше Қазақстан полициясы күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығында жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Әріптесімізді марапатымен құттықтап, шығармашылық өрлеу тілейміз.
syrboyi.kz