Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Толқынның" ардагері – ауданның Құрметті азаматы

"Толқынның" ардагері – ауданның Құрметті азаматы

Белгілі журналист-жазушы, күйші-сазгер Жұмабай Жақып өңіріміздің баспасөз саласы, мәдениеті мен өнері, руханиятына сіңірген зор еңбегі лайықты бағаланып, күні кеше "Арал ауданының Құрметті азаматы" атағымен марапатталды.


Жұмабай Жақып – облыс, республикаға танымал қаламгер. Ол алғашқы еңбек жолын Қазалы аудандық "Ленин туы" газетінде бастаған. Кейіннен "Сыр бойы" газетінің Арал-Қазалы ауданы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет жасады. Одан соң Арал аудандық "Толқын" газетінде редактор-директоры болып абыройлы қызмет атқарды. Бірнеше кітаптың авторы атанған қарымды қаламгер баспасөз саласының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 
Қазіргі таңда Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының аудандық филиалының төрағасы. Бірнеше әдеби-көркем, деректі, зерттеу кітаптарының авторы. Сазгер ретінде ондаған күйлер мен әндер туындатқан. Ол – "Қазақстанның Құрметті журналисі", Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
"Аудандық Зейнолла Шүкіров атындағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Өңірдегі шығармашылық иелерінің ақылшысы, абызы Жұмабай ағаны осындай құрметті атағымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыстар тілейміз.

Ізгі тілекпен, "Толқындықтар" 
27 мамыр 2021 ж. 1 211 0