Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент депутаттары екі ай демалады

Парламент депутаттары екі ай демалады

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, VII шақырылымның сессиясын аяқтады.
Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламентке өткен барлық партиялардың депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істегенін және «тек заң шығару жұмыстарымен айналысып қана қоймай, сонымен бірге тұрғындармен кері байланыс орнатқанын» атап өтті.
Осы сессияда Мәжіліс депутаттары 24 заң жобасын қарап, 15-і қабылданған. Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауал жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.
Енді депутаттар қыркүйекке дейін каникулға кетеді.

baq.kz
30 маусым 2021 ж. 371 0