Депутаттар демалысқа кетті

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін палаталардың бірлескен отырысы өтіп, бесінші парламенттік сессияны аяқтады.
Бесінші сессия кезінде екі палатаның жұмысында 161 заң жобасы болды, олардың 98-і қабылданды. Олардың 86-сына президент қол қойып, заңды күшіне енді.
«Осы сессияда депутаттар 35 жеке заң жобасын әзірледі, оның 12-і қабылданып, 23-і жұмыс барысында. Депутаттық бастаманың мұндай жоғары көрсеткішіне алғаш рет қол жеткізілді. Бесінші сессия барысында парламентшілердің өздері әзірлеген заң жобаларының саны алдыңғы төрт сессияның санынан екі есе артық», – деп хабарлады баспасөз қызметі.