Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекітті

Бас санитар вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекітті

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Құжат бойынша вакцина енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар:
1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар;
2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;
3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы; 4) жүктілік және лактация кезеңі;
5) 18-ге дейінгі жас. Бас санитар қаулысында «вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар» ұғымына анықтама берілген.
«Вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура)», - деп жазылған құжатта.
01 шілде 2021 ж. 287 0