Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз?

Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз?

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, VeroCell) вакцинасы – бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсывакцина, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.
Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 9 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді.

Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге мақұлданды.
Арнайы мәліметтерге сай әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.
Hayat Vax вакцинасының қауіпсіздігі
Hayat Vax –вакцинасын жасау үшін байырғы, бірақ дәлелденген белсенділігі жойылған вакцина жасау технологиясы қолданылады. Осы технологияның көмегімен вирус организмде қорғаныс антиденелерін түзу қабілетін сақтай отырып, жойылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша инактивацияланған вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екендігі дәлелденді. Адъюванттар – инактивті вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар ретінде олар иммундық жүйені ынталандырады және организмдегі иммунитеттің ұзақтығына ықпал етеді.
Hayat Vax вакцинасында консерванттар жоқ.
Вакцина бір дозалық құтыда қолжетімді.
Hayat Vax Синофарм вакцинасының негізінде жасалынғандықтан, барлық сипаттамасы вакцинасына сәйкес келеді, ал ол вакцина сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкістан, Перу және Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өткізілді, оған 68000 астам адам қатысты.
Иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК), соның ішінде вакцинациялаудан кейін ауыр аллергиялық реакциялар тіркелмеген.

Hayat Vax вакцинасы тиімді ме?
Қазіргі күні бұл вакцинаның бүкіл әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.
Қолжетімді және аралық нәтижелерге сүйене отырып дәлелденген мәліметтер:
• COVID-19 инфекциясына қарсы тиімділігі 79,3%;
• Аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиімділігі 100%.

Вакцина иммундық жауапты қалай тудырады?
Коронавирустық инфекция вирусының белсенділігі жойылып (өлтіріліп), тазартылған бөлшектерін енгізуге жауап ретінде дененің иммундық жүйесі ынталандырылып, ерекше антиденелер түзіледі.
Ал коронавирустық инфекцияның патогенді вирусы ағзаға түскенде, вакцинациядан кейін алдын ала жасалған антиденелер вирустық белоктарға жабысып, оларды блоктайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.

Көптеген адамдарды вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Неғұрлым көп адамдар вакцинацияланған болса, олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі аз болады.
Коронавирус індетінің одан әрі таралуын тұрақтандыру және алдын алу үшін халық арасындағы вакцинациялау 60% -дан кем емес деңгейде тұрақты ұстау керек.

HayatVax вакцинасы мен вакцинациялау кімге арналған?
HayatVax вакцинасы 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған (әсіресе созылмалы ауруларының өршу кезеңі жоқ кезінде егде адамдарға).

Hayat Vax вакцинасын кімге алуға болмайды?
Вакцинаның кез-келген компонентіне (белсенді және қосымша заттарына) ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар немесе осы вакцинаны алдыңғы дозасын енгізгенде аллергиялық реакциялар болғанда;
Ғылыми зерттеулер вакцинаның келесі топтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдегенге дейін вакцина қолдануға кеңес берілмейді:
жүктілік кезінде,
бала емізетін аналарға;
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге;

Вакцина УАҚЫТША ұсынылмайды:
Бұлшық етке инъекция жасау барысында қан кету қаупіне байланысты температурасы көтерілумен қатар жүретін жедел инфекциялық аурулары бар адамдар. Вакцинациялау сауыққаннан кейін екі-төрт аптадан кейін ұсынылады.
Ағымдағы уақытта созылмалы ауруларының өршуі байқалған адамдар. Мұндай науқастарға вакцинация тек аурудың ремиссиясы кезінде ұсынылады.
Жақын арада жүктілікті жоспарлайтын әйелдер.
Қазіргі күні вакцинаның 2-ші дозасын алғаннан кейін 2 ай өткеннен соң жүктілікті жоспарлау ұсынылады.
ПТР-әдісі бойынша Covid-19 оң нәтиже көрсеткен адамдар;
Жұқпалы ауруы бар адамдармен, оның ішінде Covid-19-мен карым-қатынаста болған адамдар.
Жұқпалы аурулар мен карым-қатынаста болған адамдарға вакцинациялау карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылады.
Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарға сауыққаннан кейін 6 айдан кейін вакцина егу ұсынылады.

Вакцинациялау барысында аса сақтықты талап ететін топтар:
қан ауруыныңболуы (тромбоциттердің төмендеуі немесе қан ұюының бұзылуы) және иммунитет тапшылығы аурулары (иммундық қорғанысты басатын ем қабылдағанда, вакцинациялауды емдеу аяқталғанға дейін кейінге қалдыру ҰСЫНЫЛАДЫ;
үдемелі жүйке аурулары.

Вакцинациядан кейін ықтимал мүмкіншілігі бар иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністер:
инъекция орнында ауырсыну сезімінің болуы;
инъекция орнында қызару, аздап ісінуі;
дене қызуының көтерілуі, аздап бас ауруы;
өте сирек – жүрек айну және құсу, іш өтуі; бас айналуы, тез шаршағыштық,
бұлшық ет ауруы, артралгия, ұйқышылдық,
инъекция орнында тері бөртпесі; инъекция орнының қышуы.

Бұл көріністердің ұзақтығы, әдетте, үш күннен аспайды және арнайы емдеу қажет етпейді!
Hayat-Vax вакцинасымен байланысты жағымсыз реакциялар тіркелмеген.
Hayat-Vax вакцинациясының толық курсы 2-4 апта интервалы бар 2 дозадантұрады.
Вакцина 0,5 мл дозада иық бұлшық етінің жоғарғы үштен бір бөлігіне енгізіледі.
Hayat Vax вакцинасын тасымалдау және сақтау туралы
Hayat Vax вакцинасы, басқа инактивацияланған вакциналар сияқты, +20С -ден +80С-ге дейінгі температурада сақталады және тасымалданады.
Бұл облыстар мен қалаларға тасымалдауды және таратуды, сондай-ақ медициналық ұйымдарда сақтауды жеңілдетеді.
Инактивті вакциналарды мұздатуға БОЛМАЙДЫ!

Білу маңызды:
Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцина:
Адамға COVID-19 жұқтыруы мүмкін емес, өйткені өлтірілген және тазартылған вирус вакцинацияланған адамдардың денесінде көбейе алмайды және иммунитеті әлсіз адамдарда да ауру тудыруы мүмкін емес.

Вакцинациялаудың алдында:
дәрігердің (фельдшер) тексеруі;
вакцинациялау алдында болу ықтималдылығы бар қарсы көрсеткіштерді анықтауға арналған сауалнама, оның ішінде:
oтамақ, дәрілік заттар мен вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар;
oжедел ауруларды және созылмалы аурулардың өршу кезеңі сәйкес келуін анықтау;
коронавирустық инфекциялардың қаупі және коронавирустық инфекцияларға қарсы алдын алуға арналған вакцинациялаудан бас тартудың каупі туралы ақпарат береді.

Вакцинациялаудан кейін барлық адамдар:
медициналық ұйымда (егу бөлмесінің жанында) кемінде 30 минут дәрігердің бақылауында болады;
жағымсыз көріністер болған жағдайда жергілікті дәрігермен кеңесу ұсынылады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
монша, саунаға баруға,
инъекция орнына жылы және басқа процедураларды жүргізу,
Бұл асқынуларға әкелуі мүмкін.

Құрметті қазақстандықтар!

Вакциналар - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі жағдайлары азайған!
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, жалпы жер шарында коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосты деп сенеміз.
05 мамыр 2021 ж. 398 0